Оқушылардың «ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ МЕНІҢ МЕКТЕБІМ» атты жобасы
«ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ МЕНІҢ МЕКТЕБІМ» №51 жалпы орта мектебінде мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымдары бірлесе отырып, «ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ МЕНІҢ МЕКТЕБІМ» атты жобаны қолға алып, мектеп ауласындағы талдарды құрт-құмырсқадан тазалау мақсатында әктеп, арам шөптерден тазартып, гүлдер егіп, тал отырғызды. Жобаның мақсаты: Мектеп ауласын көгалдандыру , қоршаған ортаны қорғау, құрметтеу және қоғамға риясыз қызмет ету болып табылады.