ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ » №51 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№51 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7252) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
11
қараша
2021

ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

 №51 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНДЕ Зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізді. Зорлық – зомбылық тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, оқушыларға зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беріп, ол адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отырғандығын айтты.

     Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз екендігін айтты. Сондықтан оқушыларымызға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактикасына байланысты арнайы Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Б.Г.Тулейбергеновна түсіндірме жұмыстарын жүргізетіндігін айтып, таныстырып өтті. 

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚПД Абай АПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Б.Г.Тулейбергеновна сөз алды. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптерге сүйенеді:


1) заңдылыққа;

2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін сақтауға;

3) адам мен азаматтың тәніне және психикасына азап әкелуге жол бермеуге;

4) отбасын қолдау және сақтауға;

5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде құпиялылықты сақтауға;

6) өмірде қиын жағдайға душар болған адамдармен жеке жұмыс жүргізуге негізделетіндігін айтты. 

    Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру және отбасы құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық зомбылықты ескерту және оның жолын кесу бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы таныстыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік консультация беру сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары бар екендігін және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңын насихаттайтындығын айтып түсіндірді. 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Кудайбергенова күн тәртібін қорытындылау үшін сөз кезегін алды. Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым - қатынасы, іс әрекет, әдет ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз».   Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады деп жиналысты қорытындылады. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив