26
қыркүйек
2024
Шырынбеков Нұрбол Талатбекұлы

Өзінің еңбек жолын 1989 жылы Ордабасы ауданы, Ғ.Муратбаев атындағы жалпы орта мектебінде тәлімгер болып бастаған.
1999 жылы Шымкент қаласында, №4 Х.Досмухамедов атындағы жалпы орта мектебінде денешынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.
2009-2011 жылдары №4 Х.Досмухамедов атындағы жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2011 жылдан бастап №82 К.Қасымұлы атындағы жалпы орта мектеп директоры қызметіне тағайындалған.
Осы аралықта ол өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, жанашырлығымен, адамгершілігімен ерекшеленді.
Мектепке басшы болып тағайындалғаннан бері көптеген игі істер атқарып, мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға белсенді жұмыс атқарып, мектепті күрделі жөндеуден өткізуге, қосымша кіші спорт зал салуға, мектеп буфетінің заманға сай жабдықтап, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қол жеткізді.
Нұрбол Талатбекұлының басшылығымен Елбасымыздың жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бітірушілерді ҰБТ-ға дайындауда төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:
2013-2014 оқу жылында ҰБТ –ға 60% бітірушілер қатысып, орташа балы 68,7% жетістікке жетті, 2014-2015 оқу жылында бітірушілердің 70% -ы ҰБТ-ға қатысып, орта балы 76,5% болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 10% -ға артық, орта балы 7,8 % -ға артып отыр.
2010-2011 оқу жылында 49 сынып 1108 оқушы білім алған болса,қазіргі таңда мектепте 1485 оқушы білім алуда.Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларда алған жүлделері:
Мектеп оқушыларының жетістіктері:
- Әбдірашит Әйгерім Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2013 жылғы 3-7 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында өткен оқушылардың «Ғылым әлемін ашамыз» атты IX Халықаралық ғылыми жобалар жарысына қатысып ІІІ жүлделі орынды иеленді,125 балл сетификатын алды.
- Момбаев Ахмет және Зарапова Сымбат Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары ІҮ халықаралық конкурсына қатысып 125 балл алып,грант иегері атанды.
- Мухамеджанова Гульзия- бастауыш сынып мұғалімі «Үздік педагог -2015» байқауына қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Ботантаева Гульнара - математика пән мұғалімі қалалық мұғалімдер олимпиадасына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Алиханова Гүлжан - география пән мұғалімі қалалық мұғалімдер олимпиадасына қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Малимбаева Ұлбосын - бейнелеу өнері мұғалімі «Білім берудің инновациялық стратегиясы- мемлекеттің,қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында өткізілген қалалық тамыз педагогикалық оқуында мадақтама қағазымен марапатталды.
- Қыдырбаева Айгуль-шет тілі мұғалімі «Өрлеу»БАҰО АҚ Сапалы білім мен тәрбие беруде Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдылығын паш етуге көрсеткен еңбегі мен шығармашылық белсенділігі үшін мадақтама қағазымен марапатталды.
- ҚР «Білім туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету;
- Ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеу және басқа да мәдени бастаулардан нәр алуын оқушылардың бойына қалыптастыру;
- Электрондық оқу басылымдарымен қамтамасыз ету;
- Оқу процесін ұйымдастыруда қашықтан оқыту әрі басқа инновациялық нысандарды кеңінен енгізу;
- Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту;
- Білім сапасын 80-90% жеткізу үшін барлық пәннің базалық және сыныптан тыс мүмкіндігін жақсарту;
-2013 Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» медалі.
-2013 жылы – Егеменді еліміздің жас ұрпағына оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбектері мен шығармашылық жетістіктері үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру Академиясының құрмет грамотасымен марапатталды.
-2013 жылы - «Мектепке дейінгі мектепалды және бастауыш буын арасындағы сабақтастық» тақырыбындағы облыстық семинарды жоғары дәрежеде өткізгені үшін Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысының мадақтама қағазымен марапатталды.
-2013 жылы- мектеп оқушылары арасында «Тарихи толы мәдени өлке-Оңтүстік» аудандық фестивалін өткізудегі жоғары ұйымдастырушылық ізденісі үшін Сайрам аудандық білім бөлімінің мадақтама қағазымен марапатталды.
-2013 жылы – Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында білім беру жүйесін дамытуға оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін «Қазақстан мұғалімі» Республикалық газетінің құрмет грамотасымен марапатталды.
-2015 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы біліктілікті арттыру курсының сертификаты
Нұрбол Талатбекұлы өз мамандығын меңгерген және еңбекке деген ықыласы ерекше екендігін танытып, мұғалімдерге жаңа технологияның тиімді әдістерін пайдалануын үйретуде. Өзінің қызметіне сай білікті, жаңашыл, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, үнемі ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс істейтін басшы.
-2013 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» медалі.
-2013 жылы Егеменді еліміздің жас ұрпағына оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбектері мен шығармашылық жетістіктері үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру Академиясының құрмет грамотасы.
-2013 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында білім беру жүйесін дамытуға оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін «Қазақстан мұғалімі» Республикалық газетінің құрмет грамотасымен марапатталды.
-2015 жылы «Мектепке дейінгі мектепалды және бастауыш буын арасындағы сабақтастық» тақырыбындағы облыстық семинарды жоғары дәрежеде өткізгені үшін Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысының мадақтама қағазымен марапатталды.