"Алаш көсемі" байқауы
Шымкент қаласы "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізген "Алаш көсемі" байқауында №51 жалпы орта мектебінің 7 Б-сынып оқушысы Ақынбабаев Ербатыр жүлделі III орынға ие болды. Пән мұғалімі Исхакова Алмагүл. 8-сынып оқушысы Сәбит Жанель ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі Шадыманова Сәбира. Мектебіміздің абыройын арттырып, мәртебесін төрге оздырар білімді оқушыларымыз көп болсын!