"Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" №51 ЖОББМ өткен Алғашқы қоңырау мерекесі » №51 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№51 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7252) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" №51 ЖОББМ өткен Алғашқы қоңырау мерекесі
07
қыркүйек
2023

"Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" №51 ЖОББМ өткен Алғашқы қоңырау мерекесі

№51 жалпы  орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі 










«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»



















2023-2024 оқу жылы


                                                                 БЕКІТЕМІН

                                                                           Мектеп директоры

                                                     ___________ Н.Т.Шырынбеков


№51 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылында                            1 қыркүйек – Білім күніне арналған  «Әділетті Қазақстан: сапалы білім,                 адал ұрпақ, табысты ұлт» салтанатты жиынының бағдарламасы


Өткізілетін орны: Мектеп алаңы

Өткізілетін күні:  01.09.2023 ж.

Басталуы: 09.00

Көрнекілігі:  Жалаушалар, баннерлер, гүлдер

Фанфар ойнайды:

1 жүргізуші:        

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күні» - мерекең!

2 жүргізуші:  Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!  Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Әділетті Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» мерекесі құтты болсын!

1 жүргізуші: 

Қасиет тұнған, құт қонған мекен – аймағым, 

Қастерлеп дәйім ұйытқан бірлік қаймағын. 

Терезесі тең төрт құбыламды сайладым, 

Астанам – айбын, айдыным менен айбарым! 

Ерлігім, есіл өрлігім бойды қуаттап, 

Тік ұстап келем Тәуелсіздіктің байрағын! 1 қыркүйек - Білім күні мерекесі «Әділетті Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

1 жүргізуші:

Біреулер енші ап өмірден,
 Аттанбақ болса асып қыр
 Біреулер балғын көңілмен
 Алғашқы қадам басып тұр
 
 Сондықтан да назарды,
 Солар жаққа бұрайық
 Балдырғандарды базарлы
 Қарсы алып, қол ұрайық - 
дей келе ортамызға алғаш рет шәкірттеріне әріп үйретіп, білімнің асқар шыңына жетелейтін ұлағатты  ұстаздарымыз  бен бүлдіршіндерімізді қарсы алайық!

  1. 1 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Кәрібаева Айдана Серікқызы, модератор
  2. 1 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі Убайдина Айнұр Тілеуқабылқызы, сарапшы
  3. 1 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі Айтбаева Зубайра Қуанышқызы, сарапшы 
  4. 1 «В» сыныбы, сынып жетекшісі Розметова Малика Абдувахитқызы 

(Музыка ырғағымен («Оқып, біліп, үйренеміз!») әнімен 1 сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)

1 жүргізуші:

Көгінде қалықтайды тау қыраны,

Сол қырдан болашағың танылады,

Тік тұрып  қарсы алайық қалың қауым.

 Шырқалады Қазақстан әнұраны!

  (Әнұраны орындалады)                                            ӘНҰРАН 


2 жүргізуші:

Ендігі кезекте, бүгінгі  біздің мерекеміздің  құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар.

       Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы
  1. Мектебіміздің түлегі, Физулий сыйлығының иегері, жазушы, ақын Тойғанбаев Құралбай Көмекұлы
  2. Мектебіміздің түлегі, ұлағатты ұстаз-зейнеткер Дәулетбахова Қалампыр Таңсыққызы
  3. Мектебіміздің түлегі, ұлағатты ұстаз, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Үсенов Исахан Мұсаханұлы
  4. Мектебіміздің түлегі, ата-аналар комитетінің төрайымы Досанова Раушан Абдурашидқызы

1  жүргізуші:

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
 Ұстаз деген әулиедей талайға
 Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
 Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да- дей келе, 
«Әділетті Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп  директоры   Шырынбеков Нұрбол Талатбекұлына беріледі.

«Үйретеді» 1 «Ә» сынып оқушысы Сапартай Асылым 

2-жүргізуші

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
 Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
 Қуаныш пен салтанатты шақтарда
 Қонақтар да ақ тілегін ақтарар 
– деп келесі сөз кезегін бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонақтары

Тойғанбаев Құралбай Көмекұлы

Дәулетбахова Қалампыр Таңсыққызы

Үсенов Исахан Мұсаханұлы

Досанова Раушан Абдурашидқызына 



 «Ұстазым» әні 4 «В» сынып оқушысы Үсен Інжу

1 жүргізуші.

Ғалиқызы Құралай TechGirls программасымен, Қазақстан бойынша Америкадағы 1 айлық тегін курсын жеңіп алды. Программирование бойынша Вошингтонда дәріс алды, одан Вержиния университетінде алдыңғы қатарлы профессорлардан дәріс алды. Сетл қаласында  Microsoft, ваксина жасайтын үлкен лабороторияларда стажировкада болды. Жүрген жерлерінде Қазақстанның салт-дәстүрін, өнерін, әдет-ғұрпын, ұлттық тағамын дәріптеп көрсете білді TechGirls программасының соңғы қорытынды сөз Құралайға бұйырып, оны жоғарғы деңгейде бүкіл Азия елдері бойынша қорғап шықты. Ендеше, ортаға  Мектебіміздің мақтанышы, ізденімпаз, оқу озаты Ғалиқызы Құралайды құрметпен ортаға шақырамыз. 

«Оқуда озат боламын» әні 1 «Б» сынып оқушысы Иристай Асия


Ортаға 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер келеді,

Жүрек жарды әндерін сіздерге айтып береді.

1.     Ән «Кел, балалар, оқылық» 

Орындайтын 1«А» сынып оқушысы Орынбай Тоғжан 

  1. «Мен мектепке барамын» әні 1 «Б» сынып оқушысы Назарбек Нұржан
  2. Би «Бірінші сыныпқа келдім» 1 «В» сынып оқушылары

2-Жүргізуші.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылы басталсын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын!


1- жүргізуші 

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде.

Қызмет көрсет халыққа,

Шақырып өнер – білімге 

Құрметті қонақтар мен ұстаздар, шәкірттер, ата-аналар! 

Алғашқы қоңырауды соғу құрметіне ие болғандар мектеп мақтаныштары, оқу озаттары 

11 «Ә» сынып оқушылары, оқу озаты Әлжан Дінмұхаммед пен 11 «А» сынып оқушысы Ергеш Елжан,  1 сынып оқушылары Орынбай Тоғжан және Иззитуллаева Имрана 


ҚОҢЫРАУ ҮНІ



2 жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын!

1 жүргізуші:

Жаңа оқу жылы жемісті,

Мерейі үстем жыл болсын.

Шәкірттеріміз өрісті,

Елімдер қыз бен ұл болсын!


Барлық 1сынып оқушылары ән айтып би билейді. 

«СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ» орындайтын Өтей Раяна


2 жүргізуші:

Қадірменді ұстаздар,  ата-аналар, оқушылар!  Жаңа 2023-2024 оқу жылына арналған «Әділетті Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

Хабарландыру: І ауысымда оқитын барлық сыныптарды, «Мектеп – мейірбандық мекені» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтіледі, әрі қарай сабақ кестесіне сай сабақ өтетіндігін хабарлаймыз.   

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив