№51 Жалпы орта білім беретін мектебінде өткен Ата-аналар жиналысыы » №51 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№51 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7252) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №51 Жалпы орта білім беретін мектебінде өткен Ата-аналар жиналысыы
28
қыркүйек
2022

№51 Жалпы орта білім беретін мектебінде өткен Ата-аналар жиналысыы

№51 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың  

15 қыркүйегі күні өткізілген ата-аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ

        Қатысқандар 

  1. Ата-аналар – 123
  2. Мектеп әкімшілігі


Күн тәртібі:

2021-2022 оқу жылының қорытындысы

1.  2022-2023 оқу жылының жоспарланған жұмыстар

2. Жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру

3. Оқушылардың оқулықпен  қамтылуы

4.         2022-2023 оқу жылындағы оқушылардың мектеп формасы. Мектептің ішкі тәртіп ережесін бекіту.

5.         Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау, комитет мүшелерінің міндеттерін бөлу, ата-аналардың міндеттерімен  таныстыру.

6.         Әр түрлі мәселелер 

a.         құқық бұзушылықтың алдын алу

b.         Жол қауіпсіздік ,өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау


Тыңдалды


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөзді ДТІЖО Г.С.Кудайбергенова алды. Өз сөзінде 2021-2022 оқу жылында 1-11-сынып оқушыларының саны 1012 оқушы болып, 52 сыныпқа топтастырылып, сынып жетекшілері бекітілді. 

  1. 2021-2022 оқу жылында көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында мектебіміздің көмекке мұқтаж 28 отбасынан шыққан балаларға мектебіміздің демеушілері, мектеп мұғалімдерінің өз еріктерімен жиналған қаржыға оқу құралдары мен мектеп формалары алып берілді. 
  2. 2021-2022 оқу жылында Қазақстан республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  заңына сәйке 01.09.2020 жылғы №145 бұйрығы шығарылып өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесінде «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды. Бірыңғай «Адалдық сағаты» тұжырымдамасына байланысты іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілді. Материалдыры мен суреттері жинақталды.
  3. Жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын нығайту, тұрақты тұратын және оқу орнында көлік ортасына бейімделуі мақсатында, 10-25 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз балалар!» кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізу қажет екендігі туралы  мектеп ұжымы мен ата-аналар және оқушылар таныстырылды. Мектеп инспекторымен бірлесіп, оқушылар арасында төмендегі іс-шаралар өткізілді. Жол қозғалысының жас инспекторы жасақтарымен бірлесіп, ЖҚЕ бұзған автокөлік құралдары жүргізушілеріне жадынамалар, жол тақырыбы жазылған балалар шығармаларын тапсыра отырып, «Қымбатты жүргізуші жолдас!» атты насихаттау акциялары жүргізілді. «Сіздің балаңыз жаяу жүргінші!» тақырыбында тематикалық ата-аналар жиналысы барлық сыныптарда өткізілді. Балалар арасында «Жол қозғалысы ережелері бойынша ең үздік білгір» тақырыбында конкурстар және «Жаяу жүргіншіге түсіндіру» мерекесі, арнайы жасалған плакаттар мектеп қабырғасының көрнекті жерлеріне ілініп, «Жүргізуші! Балалардың өмірін сақта!» тақырыбында оқушыларға  шығармалар жазылып, мектеп инспекторымен бірлесіп жүргізушілерге брощюралар таратылды. 

Түрлі үйірмелер мен мектептен тыс тәрбие бағыттары бойынша түрлі жарыстарға қатысып, жеңіске жеткен жетістіктеріміз:

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл толуына орай «Жұлдызды 30 күн» айдарымен кездесулер мен дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары өткізілді. 
  • Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында оқушылар мен ата-аналар арасында көптеген іс-шаралар жүргізілді.  
  • Тәрбие бағыттары   бойынша түрлі қалалық, Республикалық, қалалық жобаларға қатысып оқушыларымыз жүлделі орынға иемденді. Атап айтар болсақ, Қала мектептері арасында ұйымдастырылған «Менің Отаныма – менің бастама» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңіне қатысып, 10 номинациялық жобаның 6 номинациясы бойынша 6 жобадан жүлделі орындар алды.  1 дәрежелі дипломмен 9а-сынып оқушысы Исахан Талшын, 2 дәрежелі дипломмен 9б-сынып оқушысы Ғалиқызы Құралай, 2 дәрежелі дипломмен 9 а-сынып оқушысы Әшірбек Ақнұр, 3 дәрежелі дипломмен 7а-сынып оқушысы Шалқарбек Жібек,  3 дәрежелі дипломмен 9а-сынып оқушысы Исаева Хадиша марапатталды. Сонымен бірге спорттық жарыстарға да оқушыларымыз қатысып жүлделі орындармен 
  • 9 «А» сынып  оқушысы Ақбердиев Санжар Шахматтан балалар аймақтық лигасы 2021 жылы                         І кезеңінде жүлделі І орын иеленді.
  • 9 «А» сынып  оқушысы Ақбердиев Санжар Шахматтан балалар аймақтық лигасы 2022 жылы                      ІІІ кезеңінде жүлделі ІІ орын иеленді.
  • 9 «А» сынып  оқушысы Ақбердиев Санжар Шахматтан балалар аймақтық лигасы 2022 жылы                                                                     IV кезеңінде жүлделі ІІІорын иеленді.
  • Кекушинкай каратэден Шымкент қаласының ашық біріншілігінде 10-11 жас аралығында                       +32 салмақ дәрежесінде І орын Ахметжаан Индира иеленген. 2022 жыл
  • Қарағанды қаласында Кекуншикай каратэден Республикалық ашық біріншілігінде ІІІ орын Ахметжан Руслан иеленді. 2022 жыл.
  • «2022 жыл – Балалар жылы» бағдарламасы аясында кекуншикай каратэ түрінен Шымкент қаласының ашық чемпионатында І орын Маликбаев Аббас иеленді.
  • Кекушинкай каратэден Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында «КАТА» түрінен                           ІІІ орын Маликбаев Аббас иеленді.2021 жыл.
  • Кекушинкай каратэден ХХІV Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында балалар, жасөспірімдер және ерлер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде 14-15 жас арасында ІІІ орынды Абдукаримов Умиджан иеленді. 2022 жыл.
  • Кекушинкай каратэден Шымкент қаласының ашық біріншілігінде   ІІІ орынды Абдукаримов Умиджан иеленді. 2022 жыл.
  •  «2022 жыл – Балалар жылы» бағдарламасы аясында кекуншикай каратэ түрінен Шымкент қаласының ашық чемпионатында І орын Рустамбеков Жасур иеленді.
  •  Кекушинкай каратэден ХХІV Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында балалар, жасөспірімдер және ерлер арасында 50 кг салмақ дәрежесінде 12-13 жас арасында І орынды Рустамбеков Жасурбек иеленді. 2022 жыл.

Тәрбие бағыттары бойынша жоспаға сәйкес жоғарыдағы жұмыстардың атқарылғанын айтып өтті. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған ДТІЖО Г.Кудайбергенова Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдерін құру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы негізінде      2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асыру мақсатындаТәрбиенің Тұжырымдамалық негізінде  тәрбиенің 8 басым бағыттары                         (Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие, рухани-танымдық тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасылық тәрбие, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу, дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру) бойынша жоспарлы тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Тәрбие жұмысында жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, әсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, және т. б.) және ұлттық құндылықтар – (тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр) жүзеге асырылады. 2022-2023 оқу жылында құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде жобалар («Оқуға құштар мектеп», «Отбасы – орта мектеп, «Еңбек – елдің мұраты», «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет», «Психологиялық көмек көрсету және мектептің татуластыру қызметтерін ұйымдастыру», «Қоғамға қызмет»,«Мектеп өмірінің бір күні», «Дебат» қозғалысы, Оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымдары, «Өзін-өзі басқару күні», «Өзін-өзі басқару аптасы» жобалары, «Музей сабақтары» – «Музей күні» жобасы, «Театр сабақтары» жобасы) жүзеге асырылып, жоғары деңгейде жұмыстар ұйымдастырылады. Сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және  ұйымдастыру кезінде 2022-2023 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндер (Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Роза Бағланованың 100 жылдығы, Қазыбек бидің 355 жылдығы, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы) назарға алынатындығын айтып өтті.

3. 

ата-ана қолдайтындығын білдіре отырып төмендегіше ата-аналар комитеті бекітілді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектептің кітапхана меңгерушісі Р.Ағабек сөз кезегін алып, былай деді.

       2022-2023 оқу жылында 2 сынып оқулықтармен оқу әдістемелік кешендеріне және қосымша                            6,7,10 сынып оқушыларының санының артуына байланысты қосымша оқулықтарға тапсырыс берілді.

Қосымша ҚР  Білім және ғылым министрлігінің 2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту жөніндегі Жол картасынының, «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапхана қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы»                            ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016  жылғы 19 қаңтардағы  №44 бұйрығын негізге ала отырып 2022 жылға 26 шілдеде №07 н/к бұйрығына сай

2022-2023 оқу жылына көркем әдебиеттерге сұраныс берілді.

      Мектеп кітапханасының 2022-2023 жылында кітап қоры 32657 дана, оның ішінде оқулықтар 23538 дана, көркем әдебиеттер 8363 дана,электронды оқулықтар 588 дана.

Биылғы 2022-2023 оқу жылында 2-сыныптар және қосымша 6,7,10 қазақ  сыныптар бойынша 1927 дана оқулық алынды.№51ЖОББМ оқушы саны-953

    Мектеп кітапханашылары әлеуметтік педагогпен, сынып жетекшілермен бірлесе отырып, 2022-2023 оқу жылында жартылай жетім, тұл жетім,көп балалы,аз қамтылған және әлеуметтік көмек алу құқығы бар отбасыларының балалары мен уйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалардың тізімдері алынып оқулықтар 100% берілді. 1-11 сынып 

оқушылары мектеп бойынша      96  % оқулықпен қамтылды деп өз сөзін аяқтады. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөзді Г.Кудайбергенова алды.  Мектептің ішкі тәртіп ережесі 23.05.2022 жылғы №6 ата-аналар жиналысының және   педагогикалық кеңесінің 31.08.2022 жылғы   №1 бірлескен отырысының қаулысымен мектеп директоры қамқоршылық  кеңесінің төрағасы Қ.Тойғанбаевтың, кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Мырзаның, ата-аналар комитетінің төрағасы И.Үсеновтың бекітілді. Ата-аналар міндеттері. Мектеп әкімшілігімен, сынып жетекшімен, пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болуға;

2. Баланы оқу құралдарымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 

14-қаңтардағы №26 «Міндетті мектеп формасының талаптарын бекіту» туралы бұйрығына сәйкес

а) Ер балалар үшін:

  • Ақ көйлек;
  • Қара – көк түсті кеудеше;
  • Қара – көк түсті жемпір;
  • Қара – көк түсті шалбар;
  • Көк галстук;

б) Қыз балалар үшін:

  • Ақ көйлек;
  • Қара – көк түсті кеудеше;
  • Қара – көк түсті жемпір;
  • Қара – көк түсті шалбар (классикалық кең стильде);
  • Қара – көк түсті юбка (юбканың ұзындығы тізеге дейін – плюс-минус 5 см);
  • Ақ, көк бантик 

в) Дене шынықтыру киімдеріне қойылатын талаптар:

  • Ақ түсті футболка;
  • Қара, сұр немесе көк түсті спорттық шалбар;
  • Спорттық платформасыз аяқ киім;

Информатика пәні киімдеріне қойылатын талаптар:

  • Ақ халат;

Технология пәні киімдеріне қойылатын талаптар:

Ер балалар үшін:

  • Қара – көк түсті алжапқыш, рукавник;

Қыз балалар үшін:

  • Ақ – қызыл түсті алжапқыш, орамал, рукавник;

қамтамасыз етуге; 

Төтенше жағдай кезінде: 

  1. Ата-ананың баласын міндетті мектеп формасымен    қамтамасыз етуге мүмкіншілігі болмаған жағдайда классикалық үлгідегі киім киюге рұқсат етіледі. 

2.Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, азаматтық тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз етуге, білімі мен тәрбие сапасын    жақсартуға үлес қосуға, баланың сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілікке алуға;

  1. Өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алуға (Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27 бабының 2-тармақшасы);
  2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін мойындауға; (Қазақстан Республикасы Конституциясының    27-бабының 2-тармақшасы;)

5.«Баланы тәрбиелеуге , оны күтіп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдауға, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үй мен қамтамасыз етуге» (Қазақстан Республикасы  «Баланың құқықтары туралы» Заңының 24-бабының 2-тармақшасы );

6.Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға және  пайдалануға тыйым салуға; (Қазақстан Республикасы  «Балалар құқықтары туралы» Заңының 37-бабының                              2-тармақшасы);

  1. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына   жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге; (Қазақстан Республикасы  «Білім туралы » Заңының 49-бабының 3-тармақшасы);
  2. Балаларының білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауына; (Қазақстан Республикасы  «Білім туралы» Заңының 47-бабы 15-1 тармақшасы);

9.Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын  дұрыс ұйымдастыруға. Күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстыруға, сондай-ақ кешкі уақытта қараусыз қалдырмауға;

10.  Сабақ уақытында ұялы телефон, смартфон, планшет  ұстатпауға (кезекші сыныптар үшін).

11.  Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс күндерінде, мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсіздігінің  жауапкершілігін, тәртібін күнделікті қадағалауды өз қарауына алуға, балаға толық жауапкершілікті өз мойынына алуға, бала ұрлығының, құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында баласын мектепке алып келу және сынып жетекшіге табыстауға, сабақ аяқталған соң мектеп ауласынан алып кетуге (кешіккен жағдайда сынып жетекшісін хабардар етуге); 

12.  Осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда ата-аналық жауапкершілігіне және ата-аналық міндетіне лайық еместігін сезінуге;

13.  Баланың кешкі сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуге;

14.  Баланың көлік жүргізуіне тыйым салуға; баланың өз бетімен балық   аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салуға, өмір қауіпсіздігін сақтауға;

15.  Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге;

16.  Балаларының мектепте нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелуіне , пайдалануына, өзге азаматтарға, оның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол  бермеуге;

17.  Балаларының  мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б) ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;

18.  Балаларының мектеп ішінде ұлт-аралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғауына, өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге;

19.  Балаларының әртүрлі пирсинг, татиуровка, қымбатты әшекейлер тағуына, мөлшерден тыс опа-далап пайдалануына, шашты ашық түске бояуына, ұл балаларға шаштарын бұрымдауына жол бермеуге;

  1. Бекітілген міндетті мектеп формасының талаптарын сақтай отырып, балаларының мектепке әртүрлі конфессиялық діни атрибутикалық элементтерге жататын киімдерді кигізбеуге;  

21.  Мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтап, талаптарын орындауға; 

22.  Балаларының kundelik.kz, bilim land порталымен сабақ оқуын, мұғалім тапсырмаларын уақтылы орындауын қадағалау;

23.  2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293 –VI «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабында педагогтік әдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді.

24.  Педагогтік әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және педагогті ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа алып келеді. 

25.  Жоғарыда көрсетілген заң талаптарын толығымен орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығынан хабардар болуға міндетті.

26.  Сыныптан тыс уақыттағы балаларының өмір қауіпсіздігі  ата-аналар жауапкершілігінде. Осы мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектебіміздің директоры Н.Т.Шырынбеков биылғы  жаңа оқу жылында ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу үшін ата-аналар комитетін сайлап алуды ұсынды. Ата-аналар арасынан өз пікірін Назира Мүсілтаева білдірді. Былтырға оқу жылында ата-аналар мен мектеп бірлесе отырып жұмыстар атқарылып, көптеген іс-шаралардың куәсі болғандығын айтып өтті. Былтырғы оқу жылында ата-аналар комитетінің төрағасы Исахан Үсенов Мұсаханұлының жұмысына жоғары баға бере отырып биылғы оқу жылында да өз жұмысын жалғастыру туралы ұсынысына барлық


р/с 

Аты-жөні

Лауазымы 

Тұрғылықты мекен-жайы

Жұмыс орны 

Байланыс телефоны

1

Үсенов Исахан Мұсаханұлы

Төраға 

Теміртау 8

ШПУ мұғалім

+77024990238

2

Досанова Раушан Әбдрашидқызы

Орынбасары 

ПМК 21, 16 үй,            8 пәтер 

жалдамалы сатушы 

+77774229585

3

Дербисбаев Даулет Ерболович

Мүшесі 

Нұртас–2, 20 үй, 4 кв

Электромонтер ТОО «ПКОП»

+77717894632


Ата-аналар комитеті мүшелерінің міндеттерін бөліп беру және атқарылған жоспарларымен таныстыру комитет төрағасы Үсенов Исахан Мұсаханұлына тапсырылды. 

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сөз тізгінін мектеп инспекторы Р.Хамитов алды. «Құқық бұзушылықтың-алдын алу – басты міндет» бойынша тәрбие сағаттары 1-11 сынып оқушылары арасында өтілді. «Жасөспірім және заң» Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша әңгіме, сайыс, дөңгелек үстел өткізілді, «Жасөспірім және көше» рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, төмендегі шаралар бойынша қадағалау жүргізілді:

1. Сабақтан себепсіз көп қалатын және тәртіп бұзатын оқушылардың үйіне бару. 

2. Кешкілік уақытта оқушылардың жүрмеуін қадағалау; 

     Қазіргі уақытта Қазақстанда балалардың өмірлік іс-әрекеті мен құқығын қорғау саласындағы кешенді мәселелер жиынтығы, қоғам мен мемлекеттік органдардың назарын ерекше аударуда. 

 Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарыментығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттыңсан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-сезімімен, күнделікті мінез-құлықтарына қалыптастыру қажет екендігін айтты.  Күн тәртібіндегі осы мәселеге байланысты мектеп психологы сөз алды. Ерте жүктілік деген не?Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицинада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. 

Ерте жүктілік немен қауіпті?Жүктілік кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес екендігін айтты.Қыз баланы тәрбиелеу, құрметтеу, ізет білдіру туралы жалпы кеңес беру. Қыз балаларға жеке гигеналық тазалық, осы өмірдегі болашақ ана ретіндегі міндеттері туралы, сонымен қатар, қыз балаларға қандай қылықтардың ерсі екені туралы түсінік беру. Осы мәселелер бойынша қыз балалармен жеке жұмыстар жүргізіп, сауалнамалар алып, тренингтер өткізгенін айтты. 


        Қаулы


2021-2022 оқу жылының қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.

1.  2022-2023 оқу жылының жоспарланған жұмыстар жүйелі жүргізілсін.

2.  Оқушылардың оқулықпен  қамтылуы қанағаттанарлық деп танылсын. 

4.         2022-2023 оқу жылындағы оқушылардың мектеп формасы, мектептің ішкі тәртіп ережесіне                                сай бекітілсін.

5.         Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау, комитет мүшелерінің міндеттерін бөлу, ата-аналардың міндеттерімен  таныстырылып, жұмыстар жүргізілсін.

6.         Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жандандырылсын.

7.        Ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстары жандандырылсын.

8.         Жол қауіпсіздік, өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілсін.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив