"ҰЛТТЫҚ РУХ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ" АТТЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА » №51 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№51 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7252) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҰЛТТЫҚ РУХ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ" АТТЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
05
қаңтар
2024

"ҰЛТТЫҚ РУХ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ" АТТЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 

№51 жалпы орта білім беретін мектебінде          

   2023-2024 оқу жылында 16- желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «ҰЛТТЫҚ РУХ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» атты мерекелік іс-шараның 

БАҒДАРЛАМАСЫ



Мақсаты: Балалардың  Отаны, Рәміздері, Елтаңбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп оқуға баулу, сахналық көріністер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 


1986 жыл. Желтоқсан оқиғасы, видеоролик

Рахымқазы: Орыны ағалардың бізбен толсын,
                        Сәбилер ағалардың жолын қусын.
                        1минут үнсіздікпен еске алайық, 

Әруағы ағалардың ырза болсын.


                     Тәуелсіздік құрбандарын еске алайық
 
 

Рахымқазы:  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын! 


Рахымқазы: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «ҰЛТТЫҚ РУХ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» атты мерекелік кешімізге ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!


Айгерім:         Армандарды жақындатып тым алыс,

                        Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік — ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


Рахымқазы: Бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтарымен таныстырып өтейік:

Зейнеткер ұстаз, мектебіміздің ардагерлер кеңесінің төрайымы Сабырова Сабира Сабырқызы; 

Айгерім:       Мектебіміздің зейнеткер ұстазы Даулетбахова Қалампыр Таңсыққызы;

Рахымқазы:  Мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Досанова Раушан Абдурашидқызы;

Айгерім:    Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Үсенов Исахан Мұсаханұлы;

Рахымқазы:   Бүгінгі мерекелік іс-шарамызды ашып беру үшін мектебіміздің директоры             Шырынбеков Нұрбол Талатбекұлына және кеш қонақтарына сөз кезегін ұсынамыз;

Айгерім: Мектебіміздің мақтанышы, мектебіміздің абыройын асқақтатқан, IT мамандығы                                 бойынша Америка қаласының  Нью-Йорк университетінің студентіне айналған 11-сынып түлегі Ғалиқызы Құралайды ортамызға шақырамыз. 


Айгерім:              Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
 
                             Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
 
                             Ата бабам аңсап өткен бақытым,
 
                             Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!


Рахымқазы:  Мектебіміздің  1 «А» сынып оқушыларының «Тәуелсіздік ел ұраны» хорын  қабыл  алыңыздар.










Рахымқазы: Көрініс. Желтоқсан оқиғасы 

Айгерімі:     6, 7, 10 сынып оқушыларының жыр-шумақтарына кезек берейік. 

Рахымқазы:  «Мен қазақпын» әні Орындайтын Смайл Алинұр

Айгерімі:  Бауыржан Маршы.  Хор.  

Рахымқазы:  Исахан Айзеренің орындауында «Отаным» әнін қабыл алыңыздар! 

Айгерім: Алдарыңызда 1 «Ә» сынып оқушысы Сапартай Асылымның «Күн сәулелі Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар. (тақпақтар)



  Айгерім:Тәуелсіз Қазақстан — ұлы Отаным,
                               Көк туымды қалайша құлатармын.
                              Тып — тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
                              Бәріміз баласындай бір атаның.


 Рахымқазы:       Елімізде бақ — береке, ырыс болсын,
                              Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
                              Халқымның ахуалы дұрыс болсын,
                              Еліміз әрқашанда тыныш болсын


Айгерім: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!


Рахымқазы: «Бүгінгі ұрпақ - болар елдің ертеңі»- дей келе бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған  

«ҰЛТТЫҚ РУХ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» атты мерекелік кешімізді Орынбай Тоғжанның орындауында «Тәуелсіз елдің қызымын» әнімен аяқтаймыз!

Қорытынды!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив