15
сәуір
2023
Мектептегі ашық есік күні
«№51 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында 15.04.2023 жылы ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім берудегі ұстаздардың іс-тәжірибесіне және оқушылардың білім алу деңгейіне, тәрбиесіне зер салу.
Ашық есік күніне келген ата - аналарды тіркеу жасап, мектептің әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары А. Анашбекованың бастауымен «Пән мұғалімдері мен мектеп оқушыларының үш жылдық жетістіктері» тақырыбындағы көрмемен таныстырды. Көрмеден шыққан ата-аналарды тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Құдайбергенова мен музыка пән мұғалімі Б.Барқыбаеваның мектеп оқушыларынан құрылған оркестрі «Қос алқа» күйімен қарсы алып, ашық есік күні іс-шарасының жоспары негізінде бірнеше алаңдарға саяхат жасап, таныстырды.
1-«Мектеп үйірмелеріне саяхат» алаңы. Мақсаты: Мектеп оқушыларының үйірмелерде әр түрлі спорт түрлерімен шұғылданып жатқан үйірме жұмыстары жарыстарға қатынасып, алған жүлделі орындарымен таныстыру. Мектебіміздегі баскетбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, домбыра, қолөнер, шешендік өнер үйірмелерінің жұмысымен танысты. Оқушылардың сабақтан тыс уақытта өз мүмкіндігі мен таңдауы бойынша әр түрлі үйірмелерге қатынасып, өзін дамытуға мол мүмкіндік жасалғанын көрсетті.
2-«Оқырмандар» алаңы. Мақсаты: Мектеп кітапханасының кітап қоры, жұмысымен таныстыру. Бұл іс –шара барысында кітапхана меңгерушісі Р.Ағабек мектеп кітапханасының кітап қоры, жаңа жиһаздармен, компьютерлермен жабдықталып, интернет желісіне қосылғанын ,яғни оқушы электронды оқулықтарды да қолдана алатынын айтып таныстырды. Ата –аналар кітапхана жұмысына ризашылықтарын білдірді.
3-«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» алаңы. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын оятуға арналған әдістермен таныстыру. Бұл алаңның жұмысын мектептің әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары А.Анашбекова , қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Исхакова, Г.Өмірзақ кітапхана меңгерушісі Р.Ағабекпен бірге мұғалімдер мен оқушылардың кітап оқуға құштарлығын ояту мақсатында жыл бойында жоспарланған жұмыстардың нәтижесімен таныстырды. Ата-аналар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын көріп алдағы жылда мектеп мұғалімдері, оқушы, ата-ана арасында осындай іс-шараны ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірді.
4- «Ашық сабақтар» алаңында пән мұғалімдері сабақ кестесіне орай, өздерінің күнтізбелік жоспарына сәйкес ашық сабақтар өткізіп, ата –аналарға өз балаларының әрі сыныбындағы оқушылардың сабақ үлгерімі мен оқуға деген ынтасын бақылады. Бұл алаңның жұмыс барысын оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлар А.Жакаева мен З.Абдраймовалар басшылыққа алып, сабақтардың кестеге сай өтуін өз назарларында ұстады. Ашық сабақтардан соң ата-аналар пән мұғалімдеріне өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Мектеп психологтары Э. Пайзханова , Е. Мергенбек «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында психологиялық коучинг өткізді. Коучинг барысында ата-аналар топқа бірігіп интернет желісінің оқушылар үшін пайдалы жағы да, зияны да бар екенін нақты дәлелдермен түсіндірді. Коучингте Б. Жалақбаев, Р.Баймаханова сынды ата –аналар өз пікірлерін ортаға салды. Ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Мектептің дебат клубы жұмысымен таныстыру мақсатында, А.Канлыбаева оқушылардан «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық неге өршіп тұр» тақырыбында дебат ұйымдастырды. Оқушылардың өз пікірлерін ортаға салуда сөз саптаулары мен ұшқыр пікірлеріне ата-аналар дән риза болды.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Толегенов ата-аналар арасында «Бала тәрбиесі процесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығы» тақырыбында пікіралмасу жүргізді.
Мектеп директоры Н.Т. Шырынбеков «2022-2023 оқу жылының жетістіктері» тақырыбында жасалған слайд арқылы ата-аналарға мектеп мұғалімдері мен оқушыларының жеткен жетістіктері, білім сапасы туралы мәліметтермен таныстырды. Ата-аналардан мектеп жұмысының барысы , ұстаздар мен оқушылардың арасындағы байланысы бойынша мазалап жүрген сұрақтары мен мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кері байланыс алаңы. Ашық есік күнінде өткен іс-шаралар мен өтілген сабақтар негізінде ата-аналар ой бөлісіп,өз пікірлерімен бөлісті.
Ашық есік күні барысында ата-аналар мектептің материалдық базасымен, мемлекет тарапынан мектеп оқушыларының сапалы білім алуына жасалып жатқан мүмкіндіктермен толық танысып, іс жүзінде мектеп мұғалімдерінің сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып жатқанын көріп, өз ризашылықтарын білдірді.
#шымкентпрокуратурасы
#ҚРпрокуратурасы
#ҚРішкіістер
#шымкентішкіістер
#құқықбұзушылықақарсымын
#қалапрокуроры
#қосымшабілімберуорталығы
#ЖТажиева
#Оқуағартуминистрлігі
#Шымкентқалалықбілімбасқармасы
#танымалтұлға2023