№51 ЖОББМ-де 4.04.2023ж өткен Ата-аналар жиналысы » №51 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№51 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7252) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №51 ЖОББМ-де 4.04.2023ж өткен Ата-аналар жиналысы
07
сәуір
2023

№51 ЖОББМ-де 4.04.2023ж өткен Ата-аналар жиналысы

№ 51 жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген

 Ата – аналар жиналысының  хаттамасы

Өтетін  орын:                                                                                           Өтетін уақыт:                            

Мектептің акт залы                                                                                   04.04.2023ж  сағат 13:00-де

Қатысқандар:

1. Мектеп директоры: Н.Т.Шырынбеков

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Г.С.Құдайбергенова, Е.А.Толегенов 

3. Директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары: З.Абдраймова

4. Директордың оқу әдістеме ісі жөніндегі орынбасары: А.Анашбекова

5.  Педагог-психологтар: Э.Пайзханова, Е.Мергенбек

6.  Мектеп инспекторы: Р.Хамитов

7. Әлеуметтік педагог: Ж.Тойғанбаева

Күн тәртібінде:

  1. 1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу

                                                                           /Баяндамашы мектеп директоры: Н.Т.Шырынбеков/

  1. 2.  Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды оқуға қабылдауды ұйымдастыру туралы.                                                                 / Баяндамашы: ДОІЖО  З.Абдраймова/
  2. 3. Жалпы орта білім беру ұйымында білім алушылардың міндетті мектеп формасын сақтауы бойынша алгаритмі.                                             /Баяндамашы   ДТIЖО  Е.Толегенов/
  3. 4. Сабаққа себепсіз келмейтін, кешігіп кешігетін оқушылармен  жұмыс жүргізу алгаритмі                

                                                                            /Баяндамашы    ДТIЖО  Г.С.Құдайбергенова/

  1. 5. Кәмелетке томағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы  қылмыстардың , балаға қатігездікпен  қараудың   және құқық бұзушылықтың  алдын-алу                                                 

                                                                             /Баяндамашы  мектеп инспекторы  Р.Хамитов/

  1. 6. «Қаржылық сауаттылық» жөнінде  ақпараттық түсіндірме жұмыстары.                                                 

                                                                      /Баяндамашы математика пәні мұғалімі З.Аметбаева/

  1. 7. «Жасөспірімдер арасында Буллинг және кибербуллинг зардаптары»                                              

                                                                         /Баяндамашы  мектеп психологы Э.Пайзханова/

Тыңдалды:

   Күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры Н.Т.Шырынбеков сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау,  және құқы бұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау мақсатында ата-аналар мен оқушылардан түрлі себептермен ақша жинауға қатаң тыйым салынатыны туралы    және     күн тәртібінде қаралатын мәселелерді  айтып өтті.      

       Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сөз алған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  З. Абдраймова сөз алып  «Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды оқуға қабылдауды ұйымдастыру туралы» тақырыбында баяндама жасады. Құжаттарды қабылдау 1сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасатыны туралы және мектепте баланың жан- жақты білім алуына  бар жағдай жасалынғаны спорт зал, жазғы спорт алаңы бар,  оқу кабинеттері компьютермен,  ноутбук, панель- тақталармен жабдықталғаны туралы, Дарынды балалардың қабілетіне қарай жеке дамыту жұмыстары  жүргізіледі   және  қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға   қатыстырылып жатқандығы туралы айтып өтті. 

       Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Е.Толегенов  сөз алып өз сөзінде   жалпы орта білім беру ұйымында білім алушылардың міндетті мектеп формасын сақтауы бойынша алгаритмі  туралы  ата-аналарға  мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай мектеп формасын сақталуы/ ұл балалар-ақ көйлек, қара көк түсті шалбар, балағы тобықтан төмен. Қызбалаларға- ақ кофта, қара көк түсті юбка, ұзындығы тізеден 4 елі төмен/ керек екендігі  туралы толық мағлұматтар берді.  Егер сақтамаған жағдайда, Талаптың  2 бөлімі, 21 –тармағы «Ата  -аналар және   өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім  ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді»    

       Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Г.С.Кудайбергенова «Сабаққа себепсіз келмейтін, кешігіп кешігетін оқушылармен  жұмыс жүргізу алгаритмі» тақырыбында 10 күнтізбелік күннен  көп уақыт сабаққа себепсіз қалған оқушыға шара көрілетіні туралы айтып өтті.              

      Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сөз алған мектеп инспекторы   Р.Хамитов    «Кәмелетке томағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы   қылмыстардың, балаға қатігездікпен   қараудың  және құқық бұзушылықтың  алдын-алу»  тақырыбында   баяндама жасады. Баяндама барысында   жасөспірім   кәмелетке томағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілік  қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ата-аналар арасында түсіндірді.  

Ұлы ойшыл Әль – Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол  келешекте оның барлық өміріне  апат әкеледі» - деген сөз дәлелмен айтылса керек. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында, яғни мектеп жасындағы балалардың әртүрлі қылмысқа баруының себебі неде? Қайткенде қылмысты алдын алуға болады?

Мұғалімдер балаға тек білім беруді ғана мақсат етіп қоймайды, ең алдымен оның ертеңгі күні жан-жақты толыққанды азамат болып шығуына  ерекше кқңіл бөледі. Алайда неліктен жасөспірімдер арасындағы қылмыс бәсеңдер емес? Менің ойымша балалаға  ұлттық тәрбие беруде отбасының ролі ұмыт қалған тәрізді. « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген, «Отан-отбасынан басталады»,- десек ең алдымен балаға тәрбие  негізі отбасында қаланады Тәртіп бар жерде теңдік орнайды, теңдік бар жерде ешкімде шет қалмайды. Жасөспірімдер қылмысына  қарсы тұрудың ең тиімді жолы –ол педагогикалық ұжым мен ата-аналар, қамқоршылық кеңестері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлескен өзара тығыз әрекеті. .                                                                        

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша  математика пәні мұғалімі З.Аметбаева  «Қаржылық сауаттылық» жөнінде  ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді. Ата-аналар арасында және  жасөспірімдер арасында  пирамида ойындарынан аулақ болу керектігі туралы  баяндады.                                                  

  Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша мектеп психологы Э.Пайзханова «Жасөспірімдер арасында Буллинг және кибербуллинг зардаптары»   тақырыбында  баяндама жасады және ҚР №451 Заңы балаға қатысты интернет ресурстарында кибербуллинг актілерін қарау мәселелері бойынша  18-4 баппен толықтырылғанын  ата-аналар назарын салуын  жеткізді және  аталған тақырыпта  ата-аналарға     бейне-ролик  көрсетіп,  алдын-алу   жұмыстарын және тренинг  жүргізді.         

Жалпы алғанда еліміздің әр баласы – мемлекеттің болашағы. Олардың тәрбиесіне, құқығына, қауіпсіздігіне ,өміріне мән беріп, бос уақытын қалай өткізетіндігіне назар аудару керек. Балалардың өміріне қатысты барлық жағдайлар елеусіз қалмауы тиіс. Өйткені баланың өмірі мен тағдыры, сауатты білім алуы бәрінен қымбат. Оның қалыптасуына, өмірде дұрыс адам болып өсуіне қоғам болып ат салысуымыз қажет. Ең бастысы, кез келген баланы қылмыс әлемінен алшақтатудың, соның құрығынан құтқарудың жолдарын табуына Сіздерді құрметті ата – аналар үлес қосуға шақырамын!- деп сөзін сабақтады. Ата-аналар жиналысы соңында ата-аналар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды ұсыныстары айтты, жарыс сөзге  шығып сөз сөйлеп, өз ой – пікірін білдірді. Жиналғандар төмендегідей қаулы қабылдады.                 

             Қабылданған қаулы: 

  1. 1. Мектепте  ата-аналар, оқушылардан ақша жинамауға қатаң тыйым салынсын;


  1. 2. Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды оқуға қабылдауды ұйымдастыру жұмыстары туралы  жандандырылсын;                                                               
  2. 3. Мектептің ішкі тәртіп ережесіндегі көрсетілген білім алушылардың міндетті мектеп формасы сақталынсын;
  1. 4. Мектеп әкімшілігі тарапынан  сабаққа себепсіз келмейтін, кешігіп кешігетін оқушылармен   жұмыс  жанданырылсын;               
  2. 5. Ата – аналар арасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, , буллингтің, әлімжеттіктің алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
  3. 6. Ата-аналар мен оқушылар арасында  «Қаржылық сауаттылық» жөнінде  ақпараттық түсіндірме жұмыстары    жандандырылсын;                                              
  4. 7. Педагог-психологтар тарапынан жасөспірімдер арасында Буллинг және кибербуллинг бойынша алдын-алу,  ағарту жұмыстары жандандырылсын.                                               


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив