№51 ЖОББМ. АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА » №51 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№51 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7252) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №51 ЖОББМ. АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
05
наурыз
2024

№51 ЖОББМ. АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА 

«Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеуі керек»

  • Балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңіз.


  • Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің әкем емес (анам емес)» деп даусын шығарып айқаулауды үйретіңіз. Бұл айналасындағылардың назарын аудартады және қылмыскерді қаймықтырады. 


  • Балаға қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын хабарлап отыруды, егерде жоспары өзгеріп жатса қоңырау шалу қажет екенін үйретіңіз. 


  • Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз. Егер басқа біреу алатын болса, алдын ала ескертіңіз.


  • Балаға құпия сөз ойлап табыңыз. Бұл құпия сөз балаға білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі немесе бөтен көлікке отырмауы үшін керек.


  • Балаға жалғыз жүргеннен гөрі достарымен бірге қыдыру қауіпсіз екекнін жеткізіңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аудартады. 


  • Баланы жылына бір рет фотосуретке түсіріңіз. Тым болмағанда сізде жаңа фотосуреті болады. 


  • Балалардың Интернетте еркін отыруына жол бермеңіз. Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене атсалысыңыз. 


  • Балаға Интернет желісіндегі қауіптілік туралы айтып ескертіңіз. Егер бала басқа Интернет қолданушы тарапынан келеңсіздікке немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керектігін түсіндіріңіз. 


  • Бала барлық  жағдайды айтып жеткізе алатын ата-ананың қатарынан болыңыз. Бала әрқашан оны жақсы көретініне, егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеу тоқтамайтынына сенімді болуы керек. 



Шымкент қаласының Полиция департаменті

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив