05
наурыз
2024
№51 ЖОББМ. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Балаларға арналған жадынама
«Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеу керек»
Ол үшін «БОЛМАЙДЫ» деген бес қағиданы үнемі білуі қажет:
- бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.
- Олармен бірге лифтіге және кіреберіске кірме.
- Бейтаныс адамның көлігіне отырма
- Мектептен кейін көшеде кідіріп қалма. Әрқашан қайда, кіммен және қай бағытпен үйге қайтатыныңды ата-анаңа ескерт.
- Интернет желісінде бейтаныс адамдардың хабарламаларына жауап берме және хабарлама жіберме. Егер бейтаныс адам тіл тигізетін хабарлама жазса дереу ата-анаңа айт.
Әрқашан «ЖОҚ» деп жауап бер:
- Егер сені тіпті көршілер болса да қонаққа шақырса кіруге немесе үйге жеткізіп салуды ұсынса;
- Егер бейтаныс адам қатты қызығатындай бір нәрсе ұсынса немесе бір жаққа шақырса; Үйге келгенде міндетті түрде о ладам туралы үлкендерге айту керек.
- Егер сенен көшені қалай табуға болатындығын сұраса қалай баруға болатындығын түсіндір, бірақ ешқашанда шығарып салма. Саған үйге бару керектігін түсіндір.
- Егер бейтаныс адам сені аңдып жүрсе, сен үйіңе келгендей, туысыңды терезеден көріп тұрғандай қолыңды бұлғап шақырған кейіп таныт.
- Егер қолыңнан келсе тиіскен адамды біраз уақытқа шатастырып, көңілін аударту үшін бетіне бір нәрсе лақтыр (мысалы портфель, аяқ киім салынған сөмке немесе жай ғана бір уыс ұсақ-түйек). Адамдар көп жерге қарай қаш.
- Егер көлікке зорлықпен отырғызып жатса, өтіп бара жатқан адамдардың көңілін өзіңе аударту үшін «Бұл менің әкем (анам) емес», «Мені шақырып жатыр!» деп қатты дауыстап айқайла.
- Қауіпсіз жерде болғанда дереу полицияға хабарласып, не болғанын айт, нақты мекенжайды, сондай-ақ тиіскен адамның белгілерін және кеткен бағытын айт.
Шымкент қаласының Полиция департаменті
