29
наурыз
2024
№51 ЖОББМ-де өткізілген ""ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ
"қОШ КЕЛДІҢ ӘЗ - НАУРЫЗ" МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ





Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №51 жалпы орта білім беретін мектебінде “Қош келдің - Әз Наурыз” атты тақырыбында 22 наурыз - “Жыл басы” күні тойланды.
Наурыз мейрамында оқушылар ұлттық киім киіп, ән салып би биледі және қазақтың ұлттық ойындары өткізілді.
Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу мақсатында іс-шара өткізілді.
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.
Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады.
Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Қар ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi.





