№51 ЖОББМ. МЕКТЕПТІҢ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты
«№51 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
30.05.2023 жылғы №6 ата-аналар жиналысының
педагогикалық кеңесінің 2023 жылғы 31 тамыз күнгі
№1 бірлескен отырысының шешімімен бекітілді
Шымкент қаласы «№51 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023-2024 оқу жылының ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 51 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ішкі тәртіп Ережесі (ары қарай Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, ҚР «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңдары мен басқада заңдылықтары және Шымкент қаласы әкімдігінің 03 тамыз 2018 жылғы №81 қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шымкент қаласының Әділет департаменті Абай ауданының әділет басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесі 2018 жылғы 27 тамызда заңды тұлғаға мемлекеттік қайта тіркеуі жүргізілгеніне байланысты 2018 жылы мектепішілік ішкі тәртіп ережесі қабылданған коммуналдық мемлекеттік мекемесі жарғысы талаптарына сәйкес жасалынған.
- Мектепішілік ішкі тәртіп ережесі №51 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырылатын білім мен тәрбие беру процесі барысында мектеп басшылығы мен оқытушыларының, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген Заңдары мен басқада заңдылықтары талаптарына сәйкес мектеп ішіндегі тәртіпке қатысты міндеттерін айқындайды және ол міндеттерінің орындалу жолдарын белгілейді.
- Осы мектепішілік ішкі тәртіп ережесі №51 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушыларының сыныптық жиналыстарында, сыныптық ата-аналар жиналыстарында, мектеп мұғалімдері жиналысында, қамқоршылық кеңесінде алдын-ала талқыланып, тиісті өзгерістермен толықтырулар енгізіліп, мекеменің педагогикалық кеңесімен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің және кәсіподақ комитетінің бірлескен отырысының шешімімен бекітілгендіктен, Ереже талаптары мектеп басшылығы мен мұғалімдері, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін орындалуға міндетті болып табылады.
- Мектеп басшылығы мен мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналары тарапынан Ереженің қандай да болсын талаптарының бұзылуы жоғарыда келтірілген Қазақстан Республикасының Заңдары мен заңдылықтары талаптарын бұзу болып табылады және заң бұзушылық ретінде шара қолдану үшін тиісті құзырлы мемлекеттік органдар қарауына ұсынылатын болады.
- Осы мектепішілік ішкі тәртіп ережесі №51 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаңа ішкі тәртіп ережесі қабылданғанға дейін күшінде болады.
ІІ. ОҚУ ТӘРТІБІ
- Мектепте сабақтар
І ауысым бойынша басталуы сағат 08:00, аяқталуы 14:45 ІІ ауысымның басталуы сағат 13:45, аяқталуы 19.45
(үзілістер уақыты 5 минут, үлкен үзіліс 10 минут );
- Сабақ ұзақтығы 45 минуттан, даярлық тобы және 1-11 сынып оқушылары үшін 5 күндік оқу аптасы
- Таңғы жаттығу 7:45 - те басталады.
- Әр дүйсенбі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Мектеп ауласындағы және І, ІІ, ІІІ қабаттағы жауапты кезекшілер І ауысым сағат 8:00-14:45, ІІ ауысым 13:45 – 19:00 аралығы, кезекшілікті жауапкершілікпен атқарып, ауысым бойынша қабылдап алады. Сабақ аяқталған соң күзетшіге тапсырады.
- Сабақ басталған соң барлық оқу кабинеттерінде қалыпты сабақ жүргізуге тыныштық пен тәртіп орнауы тиіс. Сабақ жүріп жатқанда кабинетке кіріп немесе шығып сабақты бөлуге болмайды.
- Мектепке ұялы телефондарды әкелуге, сабақ үстінде пайдалануға қатаң тыйым салынады.
- Мектеп әкімшілігі ұялы телефондар мен жеке құнды заттар жоғалған жағдайда жауап бермейді.
- Педагог қызметкерлер және оқушылар мектептің ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген талаптарды
орындауға міндетті.
IIІ. МЕКТЕП БАСШЫЛЫҒЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ
- Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім мен тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасауға;
- Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байытуға;
- Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеуге;
- Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеуге, республиканың қоғамдық-саяси, экокономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға;
- Отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ ұлты мен республикасының басқа да ұлттарының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік тілді, басқа да тілдерді меңгеруге бейімдеуге;
- Тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педогогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға, білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
- Өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
- Білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілген білім беру қызметтерінің сапасын көтеруге;
- Білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этно-мәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
- Білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
- Педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
- Оқушылырдың және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
- Мектептің ішкі тәртіп ережесі талаптарын мүлтіксіз орындауға және оқушылар мен ата-аналардан ішкі тәртіп ережесі талаптарының орындалуын талап етуге;
- Мұғалім мен білім алушының ата-аналары арасындағы ынтымақтастықты педагогикалық талаптарға сәйкес қалыптастыруға және жүзеге асыруға;
- Мектепте іскерлік киім үлгісін ұстануға;
- Мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (ақша, алтын сақина, сырға, білезік, моншақ т.б.) әкелмеуге және пайдаланбауға ;
- Мектепке нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар, т.б.) әкелмеуге, пайдаланбауға, өзге азаматтарға соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға;
- Мектептің ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғамауға;
- Мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиттер, аудио және бейне таспалар және т.б.) әкелмеуге және діни тұрғыдағы киімдерді ( бас киім, хиджаб, орамал, кимешек, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка, т.б.) кимеуге, пайдаланбауға, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға;
- Мектеп оқушыларның күнделікті сабаққа қатысуын бақылауға ;
- Мінезі ауыр оқушылармен тұрақты жеке жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті.
ІV. АТА-АНАЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
- Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, азаматтық тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз етуге, білімі мен тәрбие сапасын жақсартуға үлес қосуға, баланың сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілікке алуға;
- Өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алуға (Бала құқықтары туралы Конвенциясының
27 бабының 2-тармақшасы);
- Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін мойындауға; (Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-тармақшасы;)
- «Баланы тәрбиелеуге, оны күтіп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдауға, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үй мен қамтамасыз етуге» (Қазақстан Республикасы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 24-бабының 2-тармақшасы);
- Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға және пайдалануға тыйым салуға; (Қазақстан Республикасы «Балалар құқықтары туралы» Заңының 37-бабының 2-тармақшасы);
- Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге; (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының 3, 6, 7 тармақшалары )
-білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға (49-баптың 3-тармағы);
-білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға (49-баптың 6-тармағы);
-білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға (49-баптың 7-тармағы).
- Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтындығын орындауға;(ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы№26 бұйрығындағы
9,13-тармағы)
- Балаларының білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауына; (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабы 15-1 тармақшасы, ҚР Білім және ғылым министрінің 14.01.2016 жылғы №26 бұйрығы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
Ұлдардың мектеп формасы:
қара немесе қара көк түсті пиджак, жилет, шалбар, классикалық ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып кең пішіледі.
Қыздардың мектеп формасы:
ақ түсті блузка, қара немесе қара көк түсті пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, юбканың ұзындығы тізеден 5 см төмен болуы керек. Шашына ақ бантик тағылады. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
- Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға. Күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстыруға, сондай-ақ кешкі уақытта қараусыз қалдырмауға;
- Сабақ уақытында ұялы телефон, смартфон, планшет ұстатпауға; «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы ҚРК-нің 127-бабы, 409-бабы, 2 –тармақшасы, 442-бабы);
- Ата-ана оқушының мектепке келу, кету кезіндегі жол-көлік оқиғасын, бұзақылар шабуылынан, ауа-райына байланысты қауіп-қатерден және т.б. қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
- Бастауыш сынып (дайындық тобы, 1-4 сынып) оқушыларын мектепке алып келу, алып кету жауапкершілігі толық ата-ананың міндеті;
- Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс және мереке күндерінде, мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсіздігін толық жауапкершілікпен өз мойынына алуға;
- Баланың кешкі сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуге;
- Баланың көлік жүргізуіне тыйым салуға; баланың өз бетімен балық аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салуға, өмір қауіпсіздігін сақтауға;
- Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге;
- Балаларының мектепте нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелуіне, пайдалануына, өзге азаматтарға, оның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге;
- Балаларының мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (ағаштан қашалған пышақ, концелярлық пышақ, қанжар, костет, шеге, қайшы, (еңбек сабағына қажетті қайшының ұшы доғал және қалпақшасы болуы тиіс ) ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;
- Балаларының мектеп ішінде ұлт-аралық, рулық, жершілдік мәселеклерді қозғауына, өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге;
- Балаларының мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (ақша, алтын сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;
- Балаларының мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) әкелуіне және киімдерді (бас киім, хиджаб, орамал , кимешек, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) киюіне, пайдалануына, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге міндетті.
- Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға, күнделікті сабақтан кешіктірмей толық қатыстыруға;
- Оқушының мектепке кешікпей келуі (өз ауысымының басталуына 15 минут қалғанда) және себепсіз келмей қалу жауапкершілігі ата-анаға жүктеледі. Келеңсіз оқиғалар орын алған жағдайда, тәртіп бұзғанда баласына қарамағаны үшін жауапты болып табылады. ҚР «Білім туралы» Заңының 49-бабы
2 тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындайды. Аталған міндеттерді бұзған жағдайда «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 409-бабы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады;
- Оқушы қандайда бір қылмысты іске асырған жағдайда (мектепте болсын) бірінші кезекте ата-анасы жауапқа тартылатынын білуі тиіс.
V. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
- Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға;
- Сабаққа кешікпеуге, сабақтан себепсіз қалмауға, сабақтан қалған жағдайда тиісті құжаттарын уақытылы жеткізуге тиісті (мед.анықтама т.б);
- Өз ауысымының басталуына 15 минут қалғанда мектепте болуға;
- Мектеп формасын сақтауға, сабаққа қажетті оқу-құралдарды толық әкелуге;
- Өрт қауіпсідігі, жол ережелері және өмір қауіпсіздігін сақтауға;
- Табиғатқа нұқсан келтірмей, қамқор болуға;
- Мектеп мүлкін бұзбауға;
- Мектептің күнделікті ішкі тәртіп ережесін бұзбауға;
- Сыныптастарына, жасы кішілерге күш қолданбауға, әлімжеттілік жасауға, адамның ар-намысын қорламауға;
- Әр оқушы мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісіне бағынады және олардың жарлықтарын орындайды;
- Кешкі сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз бармауға;
- Өзінің Қазақстан Республикасында тыйым салынған діндер мен діни ағымдар өкілдерімен кездесуіне, сұхбат құруына, үгіт-насихат кітаптарымен парақшаларын алуына, оқуына және таратуына қатаң тыйым салуға;
- Сабақ уақытысында ұялы телефон, смартфон, планшет пайдаланбауға;
- Мектепке нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелмеуге, пайдаланбауға;
- Мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (ағаштан қашалған пышақ, концелярлық пышақ, қанжар, костет, шеге, қайшы, еңбек сабағына қажетті қайшының ұшы доғал және қалпақшасы болуы тиіс т.б) ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелмеуге және пайдаланбауға;
- Мектептің ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғамауға, өзгені кемсітпеуге;
- Мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (ақша, алтын сақина, сырға, білезік, моншақ, қол сағат, ақша, ұялы сымтетіктер т.б) әкелуіне тыйым салынады.
- Жоғалған жағдайда әкімшілік жауап бермейді.
- Мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) әкелмеуге және киімдерді (бас киім, хиджаб, орамал, кимешек, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) кимеуге, пайдаланбауға, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға ;
- Сыртқы киімді гардеробқа шешуге.
- Мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.