№51 2023-2024 оқу жылында өткізілген ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ бойынша өткізілген жиналыс » №51 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№51 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7252) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №51 2023-2024 оқу жылында өткізілген ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ бойынша өткізілген жиналыс
14
қараша
2023

№51 2023-2024 оқу жылында өткізілген ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ бойынша өткізілген жиналыс

№51 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылының қараша айында  Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген жиналыстың хаттамасы

Өткізілген орны: мәжіліс залы                                                                       

Уақыты: 11:00


        ҚАТЫСҚАНДАР:

  1. Мектеп директоры: Н.Т.Шырынбеков
  2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Г.Кудайбергенова, Е.Толегенов
  3. Шымкент қаласы полиция департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы полиция полковнигі Тасполатов Ерлан Нұрғалиұлы
  4. Мектеп инспекторы: И.Мухина 
  5. Мектеп оқушылары 


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:


  1. Мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылықтың, түрлі қылмыстардың, бопсалаудың  алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары 


ТЫҢДАЛДЫ:


       Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Н.Т.Шырынбеков сөз алды. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №51 жалпы орта білім беретін мектебінде 09.11.2023 жылы мектептің мәжіліс залында мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу бойынша Шымкент қаласы полиция департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы полиция полковнигі Тасполатов Ерлан Нұрғалиұлы түсіндірме дәріс жүргізетіндігін айтты. 

     Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы полиция полковнигі Тасполатов Ерлан Нұрғалиұлы сөз алды. Менің бүгінгі баяндамамның тақырыбы сіздердің әрқайсысыларыңыздың немесе әріптестеріңіздің бопсалауға ұшыраған, мүмкін қазіргі қазіргі уақытта ұшырап жүрген өмірлік ерекшеліктерін қозғайтынын жеткізді. Күші жететін құрбандарды таңдап, өзіне тән жеке қасиеттерге назар аудара отырып, өзімен құрдас, төменгі сынып оқушылармен материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалай бастайды (қорқақтық, ерік-жігерсіздік, моральді-психологиялық жағдай). Әдетте адамдар қоршаған ортада өзін-өзі дәлелдегісі келеді, сол себептен әдемі өмір сүргісі келіп, түрлі қылмыстарды жасайтындығын айтты. 

     Арнайы зерттеулерге сәйкес, жасөспірімдердің мінез-құлқына теледидарларда айналдыратын фильмдер қатты әсер ететіні белгілі. Егер жасөспірім үнемі экранда темекі шегетін, спирттік ішімдіктерді ішетін және сонымен қатар сән-салтанатпен жүретін қылмыстық «беделділерді» әдемі өмірін көрсе, оларды қайталайды. Ондай нарсеге үйір болмау қажеттігін айтты. 

       Қылмыстық әрекет ету, ұрлық жасау жасөспірім жас ұрпаққа пайда әкелмейді. Қазіргі қоғамдағы жасөспірім қылмыскерлер мәселесі ең күрделі және кең таралған мәселелердің бірі екенін айтты. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 15 бабына сәйкес Бопсалау, өзімшіл қылмыстардың бір түріне жатады, оның барлық көріністерінде ұрлықтың, зорлық-зомбылық түрі он төрт жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын айтты. 

194 бап. Бопсалау. Бопсалау, қорқытып алушылық, яғни зорлық-зомбылық қолдану, не болмаса бөтеннің мүлкін жою, мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттерді жасауды талап ету, жәбірленушінің немесе оның жақындарының масқаралайтын мәліметтерді жария ету, жәбірленушінің мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі мәліметтерді тарату қаупімен тең болатынын айтты. 

ҚР ҚК 194 басына сәйкес 

- төрт мың айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарын жұмылдыруға немесе 4 жылға дейінгі мерзімге мүлкін тәркіленіп бас бостандығын айыру жасазы кесіледі;

- мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге, сол мерзімге бас бостандығын айыру жазасы кесіледі; 

- жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіре отырып, ірі мөлшерде мүлік алу кезінде 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жасазсы кесіледі; 

- осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әркеттер қылмыстық топпен жасалса, мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы кесілетінін айтты. 

    Осы орайда ДТІЖО Г.Кудайбергенова сөз алды.  Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу керектігін айтты. 

     Шымкент қаласы полиция департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы полиция полковнигі Тасполатов Ерлан Нұрғалиұлы Шымкент қаласы аумағында «Педофил» санаты бойынша 112 тұлға есепте тұрады, оның ішінде 34 тұлға қазіргі таңда бостандықта жүргенін айтты. Аталған бағын бойынша қандай да бір қауіп төнген жағдайда, міндетті түрде ата-аналарыңызға, мектеп мұғалімдеріне хабар ету қажеттігін айтты. 


Қаулы: 

  1. Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу бойынша тәрбие сағаттары өткізілсін. 
  2. Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу бойынша өткізілген жиналыстың хаттамасы түзіліп, әлеуметтік желіге жариялансын. 
  3. 5-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылық және бопсалау бойынша құпия сауалнама алынсын. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив