05
қаңтар
2024
№51 ЖОББМ-ДЕ ДЕПУТАТТАРДЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
51 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНДЕ ДЕПУТАТТАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ
4 қаңтар күні Шымкент қаласына іс-сапарымен келген ҚР Парламент мәжілісінің депутаты «Ақ жол» фракциясының мүшесі, “Жылдың үздік депутаты», тіл жанашыры , ақын Қазыбек Иса Жарылқасынұлы 51 жалпы орта білім беретін орта мектебінде Тельман аулының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Қазыбек Иса Жарылқасынұлы «Ақ жол» фракциясының елдің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді парламентте көтеріп, нәтижесінде депутаттық сауалнамадан кейін елімізге қандастарымыздың келуіне, олардың балаларының оқуына, білім алуына жағдай жасау дұрыс жолға қойылғанын айтты.
Жер мәселесі, оның ішінде жайылым мәселесі, тұрғындарды газбен қамтамасыз ету, футболға жұмсалған миллиардтарды тоқтатып, футбол бюджеті қайта қаралып жатқанын, сондай-ақ ұлттық идеология мәселесі Тіл заңын қабылдау мәселесі қаралып жатқандығын айтты. Мемлекеттік тілді міндеттеу- мемлекеттің міндеті болғандықтан оны орындатуға күш- жігерлерін аямайтынын айтты.
Ауыл тұрғындары «Ақ жол» фракциясының жасап жатқан істеріне, өздерінің көкейінде жүрген мәселелердің парламентте айтылып, шешімін тауып жатқанына риза болды. Осы ретте ауыл тұрғындары Тельман елдімекеніне балаларға арнап спорт кешенін салуға, 51 жалпы орта мектебіне Ережепбай Молдабаевтың есімін беруге ықпал етуіне өтініш жасады. Сондай- ақ шешілмей жатқан мәселелерді қозғады. Кездесуге келген зейнеткер аналар халықтың үнін парламенттің мінбесінде айтып, ел аманатын орындап жүрген Қазыбек Иса мырзаға және жергілікті депутат Жамал бектің халықпен тығыз байланыста жүріп, елге жасаған қызметтеріне ризашылықтарын білдірді. Халықтың мұңын тыңдап, оны орындап, ел қалаулысы болу- үлкен мәртебе. Осы мәртебеге ие болған Жораев Жамалбекті алдағы сайлауда депутаттар қатарынан көргілері келетіндерін нықтап айтты. Аманатқа қиянат жасамай, халыққа қызмет еткен азаматтарды халық қашанда қолдап отырады.
Қазыбек мырза халықтың талабы орындалмай, елдің жағдайы оңалмайтынын айтып, барлық айтылған өтініштердің шешу жолын қарастырып, орындауға бар күштерін салатынын, халық сенімін ақтау- міндет екенін айтты. Кездесу соңында ауыл тұрғындары ел аманатын арқалаған депутаттарға өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, алғыс айтып тарқасты.
" Сенім мен уәде сеңді бұзады",- деп Қазыбек мырза айтқандай, халықтың артқан сенімі ақталуы керек, уәде орындалуы керек!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исхакова Алмагүл


