ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ПРОФИЛАКТИКАСЫ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ » №51 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№51 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7252) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ПРОФИЛАКТИКАСЫ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
14
сәуір
2023

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ПРОФИЛАКТИКАСЫ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ

№51 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» тақырыбында өткен қыздар жиналысының хаттамасы 

Қатысқандар 

  1. ДТІЖО     Г.Кудайбергенова 
  2. Шымкент ҚПД Абай инспекторы полиция майоры Бектемисова Гульвира Тулейбергеновна 
  3. Полиция подполковнигі Қарабаева Айнұр Абайевна 
  4. Мектеп психологы   Э.Пайзханова
  5. 8-11 сынып қыздары 


Күн тәртібінде 

  1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы 


Тыңдалды

      Күн тәртібіндегі мәселе  бойынша Г.Кудайбергенова сөз алды. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық-зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады. 

          Осындай зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Шымкент ҚПД Абай инспекторы Полиция майоры Бектемисова Гульвира Тулейбергеновна және Полиция подполковнигі Қарабаева Айнұр Абайевна келгенін хабарлады. Полиция майоры Бектемисова Гульвира Тулейбергеновна сөз алды. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы ҚР заңды іске асыру барысында, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыпта, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оны жою, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені таныстырды. 

Полиция подполковнигі Қарабаева Айнұр Абайевна азаматтардың құқықтық салауаттылығын арттыру және заңгерлік консультация берілді, сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары бар екені насихатталды. Зорлық-зомбылық дерегі туралы шұғыл түрде полиция органының «102» телефон нөміріне хабарласыңыз немесе жазбаша арыз жүгінуге, құқық бұзушыға шара қолдану үшін полиция қызметкерлерінің келулерін талап етуге құқылы екендігін айтты. 

      Қаулы 

  1. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілсін, психологиялық тренингтер өткізіліп және сауалнамалар алынсын.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив