БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ » №51 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№51 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7252) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
02
желтоқсан
2024

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ 

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында  «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» Республикалық акциясы өтуде. Осыған орай, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №51 жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» атты Республикалық акциясына Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция майоры Бектемисова Гүлвира Төлепбергенқызының қатысуымен  кездесу өткізілді. Жиынға мектеп директоры Нұрбол Талатбекұлы Шырынбеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Құдайбергенова Гүлжанар Сазанбекқызы, Толегенов Ермек Әбілқасымұлы, Өзін-өзі басқару ұйымының президенті Ғаниқызы Толғанай, мектеп медбикесі  Диля Калходжаева қатысты.
Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі - қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.
Мақсаты:
1.Балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару
2.Қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру
3.Балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау дейгейінен арттыру
 
Міндеттері:
1.Балалардың құқықтары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру;
2.Ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың құқықтарын қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарту;3.Балалар мен жастарды оларға бағдарланған бағдарламалар мен саяси шараларды әзірлеу және іске асыру процесіне тарту;
 
Науқанның мақсатты тобы: ата-аналар, балалар мен жастар, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, Балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ, сондай-ақ БАҚ өкілдері
Отырыс барысында баяндамалар оқылып, сұрақ-жауап, ұсыныстар айтылды

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив